You are here

Бурабайдағы халықаралық конференцияда қылмыстық процесті жаңғырту сұрақтары талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бурабайдағы халықаралық конференцияда қылмыстық процесті жаңғырту сұрақтары талқыланды - 19819275

10 қараша 2017 жыл, Щучинск қ. Бүгін Щучинск қаласындағы Rixos Borovoe қонақ үй базасында «Қазақстандағы қылмыстық процесс: жаңғыру жолдары» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Аталған конференция Президент Әкімшілігінің, Парламент Мәжілісінің, Жоғарғы сот пен Бас прокуратураның бастамасы бойынша, сонымен қатар Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» жобасының, «Қазақстанның сот төрелегі жүйесінің сапасын және тиімділігін жақсартуды қолдау» Еуропалық Одақ – Еуропалық Кеңесі жобасының қаржылық көмегінің негізінде ұйымдастырылды.   

Конференция жұмысына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Т.С. Донақов, Конституциялық Кеңестің төрағасы  И.И. Рогов, Жоғарғы Соттың төрағасы Қ.Ә. Мәми, Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Г.В. Ким, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Н.М. Әбдіров, Әділет министрі М.Б. Бекетаев, Парламент депутаттары мен орталық құқық қорғау органдарының, ғылыми және адвокаттық қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты. 

Іс-шараның модераторы Бас Прокурор Жақып Асанов болды. Президент Әкімшілігі басшысы орынбасары Талғат Донақовтың  және басқа да қатысушылардың алғы сөздерінен кейін, қылмыстық процесте азаматтардың құқығын нығайтудағы қабылданып жатқан шаралар туралы Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов баяндады. 

Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасымен Парламентке енгізілген заңнамадағы негізгі ережелер туралы айтты. Олар: тұлғаларды ұстау мерзімін 72-ден 48 сағатқа, оның ішінде кәмелетке толмағандарды 24 сағатқа дейін қысқарту; сотқа тергеу әрекеттерін санкциялауды беру – кепіл, мәжбүрлеп куәландыру, үлгілерді жинау мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу, азаматтарға оларға қатысты жүргізілген ЖТӘ (жасырын тергеу әрекеттері) туралы хабарлау міндеттілігі; экономикалық қылмыстар бойынша күзетпен ұстау бұлтарпау шарасын қолдану негіздерін қысқарту; өтінішхат енгізу мен дәлелдемелерді жинау бойынша адвокаттардың құзыреттілігін кеңейту; қылмыстық теріс қылық пен ауырлығы онша ауыр емес қылмыстар бойынша бұйрық арқылы іс жүргізу жаңа институтын енгізу; арнайы жедел шаралар жүргізілетін қылмыстар тізімін шектеу.         

Қылмыстық процесті цифровизациялаудағы жаңалықтар жөнінде Бас прокуратура Комитетінің төрағасы (ҚСжАЕА) Бағдат Мусин айтып берді.

Ол қылмыстық процесті цифрлы форматқа көшіру - оның айқындығын қамтамасыз ететіндігін, сот пен прокурорлық бақылаудың күшейетіндігін, теріс пайданаланушылықтың болмайтындығын, сонымен қатар процесс мерзімдерінің үнемделуі мен азаматтарға оңтайлы болуына мүмкіндік беретініне айрықша тоқталды.

Болгария Конституциялық Сотының судьясы Румен Ненковтың құрлықтық құқықтың жүйесіне жарыспалылық элементтерін енгізу сұрақтары және Қазақстан мен апелляциялық соттардағы судьялар үшін дәрістер атты, сондай-ақ Нидерланд қылмыстық құқық профессоры Ян Раинтиштің Еуропалық Одақ елдеріндегі қылмыстық процесті жаңғырту тәжірибелері жөніндегі баяндамалары  шара қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.

Қатысушылар конференция барысында еліміздегі қылмыстық процесті одан әрі жаңғырту сұрақтары бойынша қызу пікір алмасты. Шара қатысушыларының  пікірлері бір жерге тоғысты, яғни мүдделі органдармен осы жұмыс халықаралық үлгіні бағдарға ала отырып, адамдардардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жүргізіліп отырғанын алға тарты.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.