Error message

Notice: Undefined offset: 1 in counter_get_browser() (line 70 of /home/webmaster/domains/prokuror.kz/html/sites/all/modules/counter/counter.lib.inc).

You are here

Бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат

«КТК» телеарнасының 2013 жылғы 20 қарашадағы кешкі жаңалықтарында Біріккен Араб Әмірліктерінде ағымдағы жылғы 29 қазан күні ұсталған қазақстандық 12 азаматқа қатысты жағдайға байланысты репортаж көрсетілді.

Көрсетілімде ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Меркельдің Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстан азаматтарын экстрадициялауға қатысты сол күні Парламент ғимаратында БАҚ өкілдеріне берген түсініктемесі пайдаланылған.

Осы орайда, И.Меркель журналистерге Біріккен Араб Әмірліктерінен қазақстандық бірқатар азаматтарды экстрадициялау бойынша Бас прокуратураның атқарып жатқан шаралары туралы ақпарат беруі барысында оның Интерпол арналары арқылы Қазақстан аумағында жасаған қылмыстары үшін халықаралық іздеуде жүрген және ұзақ уақыт бойы Әмірліктерде әділсоттан бойтасалап жүрген Қазақстан азаматтары туралы айтқандығын мәлімдейміз.

Алайда И.Меркель түсініктеме берген жағдайдың Біріккен Араб Әмірліктерінің билік орындары а.ж. 29 қазанында ұстаған Қазақстанның өзге азаматтарына ешқандай байланысы жоқ.

Мұндай түсінбестік жағдайға журналистің тап осы 12 қазақстандық азаматты Әмірліктерден экстрадициялау туралы жаңылыс сұрағы себеп болған, өйткені оларды БАӘ құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартып жатқандықтан, олар экстрадициялауға жатпайды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.