You are here

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.Дауылбаев Қазақстан Президентіне құқық қорғау органдарының 2012 жылғы қызметі, Мемлекет басшысының азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды күшейту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қолдау жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады, сондай-ақ елді елеңдеткен қылмыстық істерді тергеу барысынан хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев жүргізілген аттестация құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейі мен жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік бергеніне тоқталды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы бұлтартпас жазалауды қамтамасыз етуге және қылмыстарды ашуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап көрсетті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті барлық қабылданған шаралар жалпы алғанда, елдегі криминогендік жағдайды жақсартуға көмектесетінін атап өтті.

Өз кезегінде, Бас прокурор қазіргі уақытта аттестацияның қорытындысы бойынша босатылған қызметкерлердің орнына кәсіби деңгейі едәуір жоғары мамандарды конкурс бойынша қабылдау жүргізіліп жатқанынан хабардар етті.

Сондай-ақ кездесу кезінде Бас прокурор Қазақстан Президентіне барлық қылмыстар мен арыздарды толық тіркеуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәлімдеді. Осының арқасында елдегі қылмыстық ахуалдың шынайы көрінісін айқындауға қол жеткізілді.

- Республика бойынша 2012 жылы біз алдыңғы жылға қарағанда қылмыстың 39,1 пайызға артқанын тіркедік. Қылмысты жалпы тіркеу өсіп отырған жағдайда, біз ауыр және аса ауыр қылмыстардың едәуір азайғанын байқадық, - деді А.Дауылбаев.

Бас прокурор қазіргі уақытта әр облыста жасалған қылмыстық жағдайлардың нақты көрінісі айқындалғанын айтып өтті. Қылмыстылық электрондық картасы жасалған, бұл әрбір полицейлік учаскедегі ағымдағы криминогендік жағдайды тіркеуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елімізде заңдылықты және құқық тәртібін нығайту, азаматтар құқығын, қоғам мен мемлекет мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

http://www.akorda.kz/kz/page/page_glava-gosudarstva-nursultan-nazarbaev-prinyal-generalnogo-prokurora-respubliki-kazakhstan-askhata-d

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.