You are here

Британдық сарапшы Кит Бристоудың дәрісі туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада шетелдік сарапшы Кит Бристоудың трансұлттық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселесі туралы прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне арналған дәрісі өтті.

Кит Бристоу Ұлыбританияның құқық қорғау жүйесінде үлкен тәжірибеге ие, 2013 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта Қылмыстылықпен күрес ұлттық агенттігінің Бірінші Бас директоры лауазымында қызмет атқарған.

Дәрісте бүкіләлемдік қауымдастық үшін өзекті болып табылатын ұйымдасқан қылмыстылықпен (терроризм, заңсыз есірткі айналымы және т.б.), киберқылмыстылықпен және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық түрлерімен күрестің британдық тәжірибесі талқыланды.  

Іс-шараның соңында сарапшы құқық қорғау органдарының практикалық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің көптеген сұрақтарына жауап берді.    

Дәріс Құқық қорғау органдары академиясының бастамасымен ұйымдастырылды.

Бас прокуратура жанындағы
Құық қорғау органдары академиясы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.