«Әблязовты айыптау»

17 тамыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы  Е.Н. Тәтішевті өлтіру әрекетін ұйымдастыруға байланысты М.Қ. Әблязовқа қатысты  қылмыстық істі тергеуде.

2018 жылдың 31 шілдесі күні Әблязов бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде «Le FIGARO» француз басылымы арқылы тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша Қазақстан прокуратурасына тергеу әрекеттеріне қатысу үшін келу қажеттілігі хабардар етілді.

Әблязов және оның қорғаушысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізушісінің шақыруына келмеді. Сол себіпті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодекстің 206-бабы 8-бөлігіне сай (одан әрі қарай – ҚР ҚПК) 16.05.1963 жылы туған күдікті Әблязов Мұхтар Қабылұлының әрекетін саралау туралы хабарламаны жариялайды.

Сотқа дейінгі іс жүргізу мен жинақталған дәлелдемелердің негізінде а.ж. 17 тамызында М.Қ. Әблязовтың әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (16.07.1997ж редакция)  28-бабы 3-бөлігі, 96-бабы 2-бөлігінің «ж», «з» тармақтары бойынша сараланды.

М.Қ. Әблязов «Банк ТұранӘлем» АҚ бұрыңғы басқарма төрағасы Е.Н. Тәтішевті пайдакүнемдік ниетпен М.Тоқмадимен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен қасақана өлтіруді ұйымдастырғаны үшін күдікті.   

ҚР ҚПК 206, 64-баптарына сәйкес күдікті және қорғаушысы оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны және көшірмесін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ.,14 мекен-жайынан алуға құқылы.

Бұдан бөлек, күдікті күдік негізін түсіндіруге құқылы, сондай-ақ  тағылған айыппен келіспеген жағдайда қаулы бойынша ҚР ҚПК 105-бабына сәйкес прокурорға немесе сотқа шағымдана алады.

Осыған дейін күдікті М.Қ. Әблязов жауап алу және басқа тергеу әрекеттеріне қатысу үшін а.ж. 16 тамызында Бас прокуратураға шақырылғанын еске саламыз. Алайда, белгіленген уақытта ол келген жоқ, келуге тосқауыл болған себептерін түсіндірген жоқ.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу