You are here

Бизнесті заңсыз тексерудің алдын алу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне бақылау және қадағалау органдарының тексерулер кестесін орналастыру жүктелген.

 ҚСжАЕК-ге 2016 жылдың 1-жартыжылдығына арналған ерекше тәртіп бойынша тексерулер кестесіне орналастыру үшін төрт мемлекеттік органның – ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, Қарулы Күштердің Бас әскери-медициналық басқармасының  тексерулер кестелері келіп түсті.

 Комитет заң бұзушылық болып табылатын мемлекеттік тіркелген сәтінен 3 жыл мерзімі өтпеген шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулер кестелеріне қосу фактілерін анықтау үшін келіп түскен кестелерге талдау жүргізді.

Мониторинг барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарында осындай 77 факт, төтенше жағдайлар жөніндегі органдарда 20 факт, сонымен қатар кестелерге дұрыс емес деректерді енгізуге байланысты 200-ден астам бұзушылық анықталды.

Осыған байланысты, уәкілетті органдардың мекен-жайына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныстар енгізілді, заңсыз тексерулер кестелерден алынып тасталды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша келіп түскен барлық кестелер Бас прокуратураның сайтында орналастырылды.

ҚСжАЕК заңсыз тексерулердің алдын алу, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуын болдырмау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бас прокуратураның

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.