You are here

Бизнесті қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 5 қыркүйек 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін прокуратура органдары мен «Атамекен Одағы» арасындағы ынтымақтастық туралы бекітілген Меморандум аясында «Бас прокуратураның бизнесті қорғауға және тексерулердің айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәуле Айтпаева, Бас прокуратураның және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға Бас прокуратура әзірлеген «Тексерулерді электрондық есепке алу журналы» және «Электрондық жоспарлау» ақпараттық жүйелері көрсетілді. Аталған жүйелердің мақсаты – кәсіпкерлерді тексерудің бүкіл үрдісін жоспарлау мен тағайындаудан бастап, соңғы нәтижелеріне дейін барынша айқын ету.

ҚСжАЕК төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде атап өткендей, жүйелердің жаңашылдығы сонда – тексерулерді тағайындаған кездің өзінде оның негізділігі көрінеді, жүйелілік пен тәртіптілікке қол жетеді, сондай-ақ бақылау және қадағалау органдарының бір кәсіпкерге қатысты қайталап жүргізген тексерулері анық көрінетін болады.

Кәсіпкерлер, өз кезегінде, ведомствоның сайты арқылы мемлекет тарапынан болатын бақылау-қадағалау үрдісіне ашықтық пен қолжетімділікке ие болады.

Бас прокуратура әзірлеген және 2011 жылдан бері қолданыстағы «Бизнес тірегі» арнайы электрондық порталы кәсіпкерлер арасында кеңінен танымал, ол арқылы өздеріне қатысты жүргізілген және жоспарланған барлық тексерулерді бақылап отыруға және қажет болған жағдайда бірден шағымдануға мүмкіндік бар. Аталған мүмкіндікті 19 мың шамасындағы кәсіпкерлер қолданып, өздеріне қажетті ақпаратты пайдаланды.

Үстіміздегі жылдың 8 айында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеру тағайындау туралы 117 183 актіні тіркеген, бұл 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26%-ға немесе 40 мыңға аз. Кәсіпкерлерге қатысты тіркелген тексерулер санының қысқаруы прокуратура органдарының бизнесті қорғауға бағытталған тиімді жұмысының нәтижесі болып табылады.

Өз кезегінде «Атамекен Одағы» Ұлттық Экономикалық Палата Басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов прокуратура органдарының жүйесінде инновациялық жобаларды енгізу мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бизнесті негізсіз тексерулерден қорғауға бағытталғанын атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.