You are here

«Бизнес тірегі» жобасын іске асыру барысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысын тұрақты негізде жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 8 айында кәсіпкерлерден «Бизнес тірегі» порталына мемлекеттік бақылаушы органдардың тарапынан болған бұзушылықтар туралы 358 ақпараттық хабарлама келіп түскен.

Жедел топтардың оқиға орындарына баруы 270 хабарламаның немесе 73% деректің расталғанын көрсетті.

Жалпы, барлық хабарламаларды тексеру нәтижелері бойынша прокурорлар келесі шараларды қабылдады:

- 184 заңға түсініктеме берілді;

- 20 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

- 39 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

- заң бұзушылықты жою туралы 32 ұсыныс енгізілді;

- бақылау және қадағалау органдарының заңсыз актілеріне 4 наразылық келтіріліп, олар толық көлемде қанағаттандырылды;

- прокурорлық ықпал етудің өзге де 32 актісі енгізілді.

12 тексеруді тіркеуден бас тартылды, 14 хабарлама бойынша бұзушылық деректері расталмады.

Мысалы, 2013 жылдың 28 тамызында Комитеттің «Бизнес тірегі» ақпараттық қызметіне Тараз қаласы бойынша Мемелекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы  (МСЭҚБ) қызметкерлерінің заңсыз тексеру жүргізу дерегі бойынша жеке кәсіпкерлер С.Елетаев, А.Теонаев және Е.Савин жүгінген.

Қазіргі уақытта Тараз қаласы бойынша МСЭҚБ бас маманы Г.С.Қыдыралиеваның «Елетаев С.» ЖК-не тиесілі көлік жуу қызметіне тексеру тағайындау туралы актіні тапсырмастан тексеруді бастағаны анықталды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер А.Теонаева мен Е.Савина жоспарлы тексеру жүргізу туралы хабарлау тапсырылмастан тексерілген.

Анықталған бұзушылықтар ескеріле отырып, әкімшілік өндірісті қозғау туралы мәселе қаралуда.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.