You are here

«Бітімгершілік – Примирение» (қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде) жобасының тұжырымдамасын талқылау бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2013жылғы 18 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Бітімгершілік – Примирение»  (қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде) жобасының тұжырымдамасын талқылау бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  болып өтті. Құжаттарды әзірлеуді және форумды ұйымдастыруды Бас прокуратура мен Жоғарғы сот қылмыстық реформа саласындағы халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүргізді.

Форум жұмысына Жоғарғы сот Төрағасы Бектас Бекназаров, Парламент депутаттары, мемлекеттік орталық органдардың жауапты лауазымды адамдары,  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылыми жұртшылық, шетел сарапшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференцияда азаматтық және қылмыстық-құқықтық жанжалдарды шешуде бітімгерлікті кеңінен қолдануға кедергі болатын проблемалар талқыланды, осы құқықтық институтты одан әрі дамыту жөнінде тиімді ұсыныстар жасалды.

Жалпы отырысты Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ашты, ол талқыланып отырған мәселенің қоғам үшін жоғары өзектілігін, отандық сот төрелігіне қалпына келтіру сипатын берудің маңыздылығын атап көрсетті.  Соттарда жыл сайын 300 мыңға жуық даулар қаралады. Және істердің тек 3%-ы ғана бітімгіршілікпен аяқталады. Жағдай қазіргі сот рәсімінің күрделілігімен де тереңдей түседі, ол жанжалдасушыларды бітімге келтіруге ықпал етпейді. Соттан тыс, оның ішінде медиация көмегімен бітімге келтіру де кең таралмай отыр.

Әлемдік тәжірибеде даулардың тігісін жатқызу кезінде негізгі назар дауларды шешудің бітімгерлік рәсімдеріне және баламалы тәсілдерге, делдалдықтың әртүрлі тәсілдеріне аударылады.

Соттан тыс та, сот процесі шеңберінде де бітімге келтіру институты олардың неғұрлым тиімдісі деп танылып отыр. Оның артықшылығы айқын: бітімгершілік келісімін жасасу нәтижесінде ол жұртшылыққа жария болмайды, оны шешу көп шығын мен уақытты талап етпейді, екі тараптың да мүдделері ескеріледі, қол жеткізілген келісім сот шешімімен салыстырғанда жиі орындалады.

Бітімгерлік рәсімдері тиімді жұмыс істеу үшін кешенді ұстаным қажет. Осыған орай, «Бітімгерлік – Примирение» жобасының тұжырымдамасы заңнамалық және ұйымдастыру шаралары кешенін іске асыруды көздейді, ол бітімгерлік рәсімдерін пайдалану мүмкіндіктерін, құқықтық жанжалдарды шешудің және басқа да соттан тыс тетіктерін кеңейтуге, дауларды шешудің соттан тыс тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Құжатта осы саладағы негізгі озық идеялар, оның ішінде шетелдің тәжірибесіне негізделгендері біріктірілген. Ұсынылып отырған жаңалықтың басты мақсаты – бітімгерлік институттарын дамыту арқылы 2017 жылға дейін сотта қаралатын қылмыстық және азаматтық істердің санын кемінде 30%-ға азайту.

Тұжырымдаманы талқылау шеңберінде азаматтық және қылмыстық-құқықтық дауларды шешуге бітімгерлік рәсімдерін белсенді енгізуге, дауларды баламалы шешу жүйесін нығайтуға, соттан тыс медиация институтын жетілдіруге байланысты кең спектр бойынша мүдделі пікір алмасулар болды, жаңа құқықтық институтты одан әрі дамыту жөнінде тиімді ұсынымдар тұжырымдалды. Атап айтқанда, істі сот талқылауына бітімгершілік келісімін жасасу үшін негіз ретінде дайындауға пайдалану, сотқа дейін реттелуге міндетті түрде жататын даулардың санаттарын кеңейту, тұтастай алғанда, бәтуаға қол жеткізудің соттан тыс тәсілдерінің бүкіл әлеуетін іске қосу ұсынылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.