You are here

Беларусиядан елге қайтарылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Владимир Ахмадиев пен Әлібек Байбосыновты Қазақстанға алып келді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұранысына сәйкес, Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы аса ауыр мөлшерде алаяқтық жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі іздеу салған Владимир Ахмадиевті беру туралы шешімді қабылдады.

Ол «Строительно-монтожное предприятия–Алматы» ЖШС-нің бас директоры бола жүріп, сонымен қатар жалған тұлғалар арқылы аталған ұйымды басқара отырып, Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінің қазандығын салу барысында 310 738 014 тенге сомасында бюджет қаражатын ұрлағаны үшін күдікті болып табылады.

Сонымен бірге, Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы 33-жасар Қазақстан азаматы А.Байбосыновты Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының 4-бөлігі (денеге ауыр зақым келтіру) бойынша 2014 жылдың 23 желтоқсанында Беларусь соты белгілеген жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады.

Байбосынов жазасының қалған мерзімін ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстанның түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Қазіргі уақытта айдауылданған тұлғалар Астана қаласының тергеу абақтысына қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.