You are here

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыстың түзеу мекемелерінде тексеріс жүргізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы сотталғандарға тәрбиелік әсер етуді іске асыру кезіндегі заңдылық мәселесін қараумен сотталғандарды материалдық-тұрмыстық, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесін реттейтін  заңнаманың 2014 жыл мен 2015 жылдың 1 тоқсанындағы қолданылуына облыстың түзеу мекемелерінде жоспарлы тексеріс жүргізді.

Тексеріспен азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін бұзу, білім алудағы формализм, еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету кезіндегі сотталғандардың құқықтарын бұзу, негізсіз тәртіптік жаза қолдану және бюджеттік қаражатты жұмсау фактілері анықталды.

Тексеріс нәтижелері бойынша  12 прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді, 23 тұлға тәртіптік, 21 тұлға материалдық жауапкершілікке тартылды, бюджетке  800 мың теңгеге жуық қаражат өндірілді, 1 қылмыстық іс қозғалды.

2015 жылдың 25 мамырында аталған тексеріс нәтижелері облыс прокуратурасының алқа отырысында  қаралды, онда облыстың ҚАЖД мекемелерінде ұқсас бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ сотталғандардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, алқа отырысында жаңа ҚК және ҚПК ережелерін іске асыруға  басты назар аударылды.

Жаңа кодекстердің нормалары жазаны оңтайландыруды, бас бостандығынан айыру шарасына балама болып табылатын шараларға мән бере отырып, жаза қолдану жүйесін өзгертуді қамтамасыз етеді.

Сотталғандардың жазасын өтеу режимін сақтауы, қоғамдық пайдалы еңбек, позитивті  әлеуметтік байланыстарды орнату, білім алу, жәбірленушілерге және мемлекетке келтірілген залалды өндіру олардың жазасын өтеу орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын  босауына немесе жаза қолдану шарасын жеңіл түріне ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда жазасын өтеу орындарынан жаза қолдану шарасын ауыстыру және шартты-мерзімінен бұрын босатуды қолдануға байланысты 149 сотталған бостандыққа  шықты, 49 сотталғанға қатысты үкімдер заңға сәйкес келтірілді.

Жергілікті жерлерде уәкілетті мемлекеттік органдар және қоғамдық  мекемелер  сотталғандарды әлеуметтік бейімдеуге көмек көрсетуде.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.