You are here

Баспасөзге хабарлама

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінде баяндамасын табысты қорғап шықты

2016 жылғы 22-23 маусымда Женева қаласында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 117-ші сессиясы шеңберінде Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар бойынша халықаралық пакті аясындағы міндеттемелерін орындау туралы 2-ші баяндамасын қорғау өтті. Қазақстан делегациясының құрамына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, Бас прокуратурасы, Орталық сайлау комиссиясы, Әділет, ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, сыртқы істер, ақпарат және коммуникациялар, білім және ғылым министрліктері мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдері кірді.

Қазақстан делегациясының басшысы, ҚР Әділет министрінің орынбасары Азимова Эльвира   БҰҰ Комитеті мүшелерінің назарына елімізде адамдардың азаматтық және саяи құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан саясат, Қазақстан қоғамының өміріндегі бес маңызды институционалдық реформаларды нақтылайтын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қабылданған ұлттық заңнамамен таныстырып өтті.

Делегация мүшелері Комитет сарапшыларының сұрақтарына жауап беріп, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша болған негізгі жаңалықтар мен өзгерістер туралы хабардар етіп, қылмыстық іс жүргізу, сот және құқық қорғау жүйелері, адам құқықтары бойынша уәкілдің қызметі, экстрадиция және адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін мүдделі мемлекеттік органдардың қызметі жайлы айтып берді.

Өз сөздерінде Комитет мүшелері Қазақстан Республикасында азаматтық және саяси құқықтарды қорғау мәселесінде айтарлықтай жетістіктер болғанын айтты. Мәселен, Комитет Төрағасы Фабиан Сальвиоли осы саладағы соңғы төрт жылда біршама прогресс байқалатынын атап өтті. Германия өкілі Ань Зайберт-Фоор делегацияның Комитет жасаған соңғы ескертулер мен ұйғарымдарды орындауға аса жауапкершілікпен қарағанын атап өтті. Баяндамашылардың бірі Яхд Бен-Ашур еліміздің ішіндегі дінаралық және ұлтаралық кеілсімге бағытталған халықаралық бастамаларын ерекше көрсетті.

Қазақстан Республикасының баяндаманы қорғауының алдын ала қорытындысы ретінде Комитет мүшелері қорғау барысында айтылған ұсыныстарды орындау бойынша жүйелі шараларды орындау қажеттілігін айтты.

ҚР Женевадағы Тұрақты өкілдігі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.