Баспасөз парақшасы (2013ж. 1 шілде, Ереван қаласы)

02 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Армения Республикасы прокуратура органдарының 95-жылдығына орай арналған салтанатты ісшараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Ереван қаласына іссапары болды.

Аталмыш ісшарада Грузия, Молдова, Ресей және Чехияның жоғарғы қадағалау органдарының басшылары, сонымен қатар, ТМД қатысушы мемлекеттері Бас прокуратураларының үйлестіруші Кеңесінің және Халықаралық прокурорлар ассоциацияларының өкілдері қатысты.

Ереванда Қазақстанның Бас Прокуроры Грузияның, Молдованың, Ресейдің, Чехияның, Кипрдің Бас прокурорларымен және Қытай мен Украина Бас прокуратураларының өкілдерімен кездесті. Кездесулер барысында қылмыспен күресу саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен аспектілері талқыланды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу