You are here

Баспасөз баяны Бас Прокурордың РФ прокуратура органдарының 295 жылдығына орай салтанатты шараға қатысуы туралы (12 қаңтар 2017 ж., Мәскеу қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстанның Бас Прокуроры Жақып Асанов Ресей Федерациясы прокуратура  органдарының құрылған күніне 295 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған, Кремль алаңындағы салтанатты іс-шараға қатысты.

Іс-шара шеңберінде Ж. Асанов Ресейдің Бас прокуроры Юрий Чайкамен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстан мен Ресейдің прокуратура органдары ынтымақтастығының жоғары деңгейін, сондай-ақ шекаралас облыстар прокуратуралараның ретке келтірілген және тиімді бірлескен жұмысын атап өтті. 

Қазақстанның Бас Прокуроры сондай-ақ Беларусьтың, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Өзбекстанның, Арменияның, Кипрдың және басқа да елдердің прокуратура және әділет органдарының басшыларымен кездесті.

Кездесулер барысында халықаралық-құқықтық ынтымақтастық және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күрес салаларындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың перспективалары талқыланды.

Бұдан басқа, 2017 жылғы 12-13 қаңтар аралығында Бас Прокурор Жақып Асанов VIII Гайдаров форумына қатысты. Форум Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында өтті.

Бас Прокурор жобалық басқаруды енгізуге жауапты РФ Үкіметі аппаратының басшылары Андрей Слепнев пен Андрей Бадинмен келіссөздер өткізді.

Бұдан басқа, 2017 жылғы 13 қаңтарда  Бас Прокурор Жақып Асановтың Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Аналитикалық орталықтың (http://ac.gov.ru/) басшысы Константин Носковпен, оның орынбасары  Михаил Прядильниковпен және Ресей Жинақбанкінің басшылығымен кездесулері өтті.

Кездесуге қатысушылар жобаларды меморгандар мен мемкомпанияларда іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады және Ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы ниет білдірді. Кездесуге қатысушылардың пікірінше, келісімге қол қою прокуратура органдарының қызметіне жобалық басқаруды енгізу саласындағы болашақ әріптестікке серпін бермек.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.