Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елімізде алғаш рет аталып өтетін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында Бас прокуратурада осы атаулы оқиғаға арналған мерекелік іс-шара болып өтті.

Тұңғыш Президенттің қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы көрнекті рөліне тоқтала отырып, Бас Прокурор тәуелсіз Қазақстанның барлық тарихы оның негізін қалаушы және көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты екенін атап көрсетті. Барлық жетістіктер мен табыстар бірінші кезекте оның саяси еркінің, терең ойластырылған және сарабдал саясатының, стратегиялық көрегендігінің арқасында мүмкін болып отыр.

Ол өзін нағыз көшбасшы ретінде танытып, еліміздің халқын топтастыра алды, оның патриоттық рухын біріктіріп, олардың алдына жаңа басымдықтар қойып, нақты істерге бастай білді.

Мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында қарқынды экономикалық дамудың, өмір деңгейінің жоғарылуы мен азаматтардың әл-ауқатының артуының негіздері қаланды. Еліміз әлемдік қауымдастықта өз орнын ала білді.

Мемлекет басшысы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы ішкі саяси тұрақтылық және ауызбіршілік мәселелеріне үнемі назар аударады. Осы мағынада бүгінгі таңда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде алдыңғы қатарда орын алып отырған прокуратураның қоғамдық және саяси маңыздылығы бірнеше есе артады. Бірінші кезекте ол қоғамның барлық салаларында Конституция мен заңдардың үстемдік орнатуындағы Президенттің әрекет етуші құралына айналды.

Енді бүгінде біздер Нұрсұлтан Назарбаев – қарқынды әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудағы мемлекет моделін құрған қазіргі заманның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері деп мақтанышпен айта аламыз.

Тұңғыш Президенттің басшылығымен қол жеткізілген еліміздің жетістіктері үлкен сыйластық пен сенім тудырады, егемен Қазақстанның одан әрі қалыптасуындағы және қоғамды ұйыстырудағы басты тірегі ретінде қызмет етеді, деп атап көрсетті А.Дауылбаев.

Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмді көрумен аяқталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz        twitter.com/#!/GenProkRK       facebook.com/GenProkRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.