You are here

Баспасөз ақпараты (Оттава қаласы, 2013 жылғы 4 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Канадаға сапары аясында бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесу өткізді.

Сенат спикері Ноэль Кинселламен кездесу барысында А.Дауылбаев құқықтық саладағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Қазақстан мен Канада арасында достық пен өзара тиімді қарым-қатынас орнағандығына қанағаттанушылық сезіммен назар бөлген әңгімелесушілер бұл сапардың әріптестіктің одан әрі дамуына, екі елдің құқықтық жүйелерінің даму тәжірибелерімен алмасуға жасалған маңызды қадам екендігін атап өтті.

Қазақстан прокуратурасының қадағалаушылық және құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берген Қазақстанның Бас Прокуроры қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру орайында халықаралық құқықтық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығына ерекше назар аударылып отырғандығына тоқталып өтті.

Канада әзірге Қазақстан Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарт жасасқан америка құрлығындағы бірінші әрі жалғыз мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта қол қойылған келісім-шарт ратификациялануға әзірлену үстінде.

Құқықтық саладағы өзара ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Сенаттың спикері криминология және халықаралық құқықты оқитын студенттермен алмасудың бірлескен бағдарламасын құруды ұсынды.   

Канаданың Азаматтық және иммиграция Министрі Крис Александэрмен кездесуі барысында Бас Прокурор көші-қон процесін құқықтық реттеу саласындағы канадалық тәжірибені зерделеуге мүдделілік танытты.

Канада Әділет Министрінің бірінші орынбасары және Бас прокуроры Уильям Пинтнимен кездесу барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткінің заңсыз айналымымен, киберқылмыстылықпен және терроризммен күрес салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

Пікірталас барысында көші-қон ағынына бақылау мен қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстанның қылмыстық және қылмыстық атқару заңнамаларын реформалау саласында еуропалық елдермен ынтымақтастық тәжірибесі канадалық тараптың қызығушылығын туғызды.

Талқылау қорытындысы бойынша құқықтық салада неғұрлым тығыз қарым-қатынас жасау үшін ақпаратпен, жинақталған тәжірибемен және мамандармен өзара алмасу тетіктерін реттеу қажеттілігі атап көрсетілді.  

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және біздің елдер арасындағы келісім-шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту мәселелерін дипломатиялық желілермен талқылауға уағдаласты.   

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.