You are here

Баспасөз ақпараты (Өскемен қ., 11 желтоқсан 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Өскемен қаласында ««Мемлекеттік органдарда және банк қызметінде пайдаланылатын компьютерлік технологиялар саласында қылмыстарды тергеу және тексеру жүргізу ерекшеліктері»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Германиялық халықаралық IRZ құқықтық ынтымақтастық қоры ұйымдастырды.   

Дөңгелек үстелдің жұмысын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель және IRZ жобасының басшысы Татьяна Бовкун ашты. Форумның жұмысында құқық қорғау органдарының, адвокатура, Қазақстан және Германияның академиялық топтарының өкілдері қатысты.

Бас прокуратураның өкілдері атап өткендей, киберқылмыстардың проблемасы қазіргі уақытта аса өзекті болып табылады. Глобальды ғаламтор жүйесін пайдаланумен жасалатын қылмыстық әрекеттерге қарсы тұру мақсатында, жаңа қылмыстық Кодекс  жеке тараумен толықтырылды. Оған ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар енгізілді. Трансұлттық компьютерлік қылмыстылықтың трансұлттық сипаты кибер қылмыстармен күресте тиімді әдістерді дайындауын және қылмыстылықпен күрестің кез келген стратегиясының бөлігі болып табылатын негізгі мәселелер бойынша жалпы саясатты дайындауын қажет етеді.

Іс-шара барысында, Германияның мемлекеттік органдарында және банк саласында жасалатын киберқылмыстардың тәжірибесімен байланысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Неміс сарапшылары киберқылмыстылық саласында құқық қорғау органдарында жүргізілетін жұмыс тәжірибесімен таныстырып,  осы қылмыстардың түрлерімен күрес және қарсы әрекет ету стратегиясын жетілдіру бойынша пікірлерімен алмасты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.