You are here

Баспасөз ақпараты (Көкшетау қ., 2016 жылдың 21 қаңтары)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысының прокуроры Мұратбек Исадиловтың төрағалық етуімен 2015 жылдың жұмыс қорытындылары туралы алқа отырысы өтті.

Алқа жұмысына қалалардың, аудандардың прокурорлары, облыс прокуратурасының жедел құрамы қатысты.

Өткен жылы облыстың прокуратура органдары қадағалау қызметінің барлық бағыттары бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қабылданды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Стратегиялық жоспарының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу қамтамасыз етілді.

Мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды және мемлекеттік бюджетке 1,2 млрд. теңгеден астам сома өндіріліп алынды.

Мемлекеттік сатып алулар саласында 7 конкурстың күші жойылды, мұнымен 7,4 млрд. теңгеге бюджет қаражаттарын заңсыз пайдалануға тосқауыл қойылды, 81 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік шиеленіске жол берілмеді және қадағалау шараларымен 399 млн. теңгеге 6 954 қызметшінің алдында жалақы төленді.

Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу 54,7%-ды құрады, 1,8 млрд. теңгенің 1 млрд. теңгесі өндіріліп алынды.

Прокурорлар сыбайлас жемқорлық саласында 29-ы немесе 63%-ы басшы буын болып табылатын 46 адамды жауапкершілікке тартты, соның ішінде облыстық құрылыс, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, Көкшетау және Степногор қалаларының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, 5 ауылдық округтің әкімдері, екі медициналық-әлеуметтік мекеменің директоры, 4 ауданның ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің басшылары бар.

Астана маңындағы аймақ ерекше бақылауда. Проблемалы мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар кешені жүргізілді, бекітілген іс-әрекеттер алгоритмына қол жеткізу үшін Целиноград ауданы Қоянды ауылының жерлерді өз бетінше басып алушыларымен құқық түсіндіру жұмысы жүргізілуде.

Жалпы облыс бойынша уәкілетті органдармен бірлесіп кадастрлық құны 596 млн. теңгеден астам 140 жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Прокурорлардың талабы бойынша ауданы 25 мың га, кадастрлық құны 509 млн. теңге 41 жер телімі қайтарылды.

Өткен жылы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 3,2%-ға (13327-ден 13771-ге дейін), соның ішінде аса ауыр түрлері 2,4%-ға (80-нен 82-ге дейін), ауыр түрлері 5%-ға (734-тен 773-ке дейін) өскені байқалды.

Құқық бұзушылықтардың өсуі белгілі бір дәрежеде жаңа Қылмыстық кодексті қолданумен және бірқатар әкімшілік нормалардың теріс қылықтар санатына ауысуымен байланысты (2186 немесе жалпы тіркелгеннен 15,8%).

Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық–процестік заңнаманы енгізуге байланысты жаңа институттар кеңінен қолданыла бастады. Кепіл түріндегі

бұлтартпау шарасын қолдану едәуір артып, ол 569-ды құрады, бұл қолданылған бұлтартпау шараларының жалпы санының 46,2%-ын құрайды.

Қылмыстық істер бойынша 6 жәбірленушінің және 27 куәгердің айғақтары сақтауға берілді, олар негізінен жеке адамға қарсы істер санаты бойынша.

Кінәні мойындау туралы мәміле түрінде процестік келісім жасау туралы 238 және ынтымақтастық туралы келісім түрінде 3 қолдаухат қанағаттандырылды.

Енгізілген 684 қадағалау актісі бойынша атқарушылық іс жүргізу жөнінде 933 млн. теңгеден астам сомаға 2 700 құжат орындалды.

Облыс соттары қараған сыбайлас жемқорлық сипатындағы 30 істің 13-і бойынша 60 млн. сомаға айыппұл белгіленді, соның 51,4 млн. теңгесі төленді.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қанағаттандырылған қолдаухаттардың санын арттыру арқылы «түрме халқын» азайту қамтамасыз етілді. Сондай-ақ өтелмеген жазаны 13 млн. теңгеден астам сома айыппұлға ауыстыру туралы қолдаухаттар қанағаттандырылып, олар толық төленді.

Облыс прокуратурасының бастамасымен қабылданған ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралардың нәтижесінде облыстың түзеу колониясының сотталғандары 12 млн. теңгеден астам сомаға мемлекетке берешекті өтеді.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша аймақ прокурорлары алдында прокурорлық қадағалаудың тиімділігін одан әрі арттыру бойынша міндеттер қойылды. Халықтың сенімін арттыруға бағытталған шараларды қабылдаудың маңыздылығына, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарауға ерекше назар аударылды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.