You are here

Баспасөз ақпараты (Қарағанды қ., 24 қазан 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қарағандыда Бас прокуратура мен Халықаралық құқықтық ынтымақтастық бойынша Неміс қорының (IRZ) ұйымдастыруымен «Қылмыстық сот процесіндегі ақпараттық технологияларды қолдану» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Оның жұмысына Жоғарғы Сот, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттік, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының өкілдері, заң саласындағы ғалымдар, Германия сарапшылары қатысты.

Отырысты аша отырып, Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішев талқыланып отырған мәселенің объективті және әділ сот төрелігі үшін, жалпы құқық қорғау органдары үшін аса өзектілігін атап айтты.

Форум барысында қылмыстық істер жүргізу, соттың істі қарауы кезінде ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі талқыланды.

Сонымен қатар ТМД мемлекеттері мен алыс шетелдерде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша қысқаша қылмыстық-процессуалдық шолу өткізілді.

Форумға қатысушылардың атап өтуі бойынша, қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар құқық қорғау қызметіндегі басты тірек болып табылады, олар заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысының нәтижелілігін арттыруда, құқық бұзушылықтың алдын-алуда, азаматтардың құқын қорғауда белсенді ықпалдастық етеді. Сондай-ақ сарапшылардың пікірінше, ақпараттық технологияларды қолдану қылмыстық процесті жеңілдетуге және тездетуге мүмкіндік береді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.