You are here

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ Еліміздегі 2014 жылдың 7 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 7 айында елімізде тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда   шамамен 6,2 пайызға (210 249-дан 197 259-ға) төмендегені байқалады.

Ауыр және  ауырлығы орташа қылмыстардың тіркелуі – 2,9( 169014-тен 155 390-ға)  және 9,9 %-ға (26 208-ден 23 605-ке)  азайды.

Аса ауыр қылмыстардың - 23,5% (1731–ден 1325-ке), ауыр қылмыстардың - 24% (22 266-дан  16 939-ға), кісі өлтіру қылмысының - 20% (674-тен 539-ға), тонаудың - 27,2% (11 563-тен 8 384-ке), қарақшылықтың -  46,5% (1015-тен 543-ке), бопсалаушылықтың -  23,2% (591-ден 454-ке), есірткі заттарының заңсыз айналымы–  4,9% (2234-тен 2125-ке) төмендеу үрдісі жалғасуда.

Сонымен қатар, ұрлық - 3,5 пайызға (1120 241-ден 116 080-ге)  және бұзақылық - 17, 6 пайызға (17 397-ден 14 327-ге) төмендесе, алайда алаяқтық қылмыстың саны - 1,6(21 079-дан 21 425-ке) пайызға артып отыр.

Қылмыстылықтың негізгі құрылымын құрайтын  ұрлық (116 080), тонау (8384), алаяқтық (21 425) және бұзақылық (14 327) болып табылады. Олардың барлық қылмыстар ішіндегі өзіндік үлесі 81 пайыздан асады.

Барлық тіркелген қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі 0,7%-ды (1325), ауыр қылмыстар – 8,6 %-ды (16 939), ауырлығы орташа қылмыстар – 78,8 %-ды (155 390), ауыр емес қылмыстар -11,9 %-ды (23 605) құрады.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика

 және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.