You are here

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ еліміздегі 2013 жылдың 12 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

1. 2013 жылы қылмыстық қудалау органдары қылмыстар мен оқиғалар туралы 2 230 320 (2 003 733) өтінішті (хабарлама) қарады, ол 2012 жылға қарағанда 11,3%-ға көп. 

2. 2013 жылы 359 844(287 681) қылмыс тіркелген, ол былтырғы жылдың осындай кезеңіне қарағанда 25,1%-ға көп.

Қазақстанның барлық өңірлерінде қылмыстық қудалау органдарында тіркелген қылмыстардың өсуі байқалады.

Ең көп қылмыстылықтың өсуі Астана қ. 52,7% (22 760-тан 34756-ға), Ақтөбе – 50,3%   (13 741-ден 20 651-ге), Жамбыл – 44,3% ( 11 664-тен 16 836-ға ), Маңғыстау – 43,5% (4 661 –ден 6 690-ға), Алматы – 40,1% ( 20 064-тен 28 109-ға) және Павлодар – 37%(14  415-тен 19 745-ке) облыстарында, Республика бойынша орташа қылмыстылықтың өсу көрсеткіші-25,1 %.

Тіркелген қылмыстардың өсуі есепке алу-тіркеу тіртібі және қылмыстылық деңгейінің объективті көрсеткіштері саласындағы «тәртіпке келтіру» жөніндегі курсты жүзеге асыру нәтижесінде орын алды.

3. Барлық тіркелген қылмыстардың 96,6%-ын немесе 347 614 ішкі істер органдары 10 094,  (2,8%) қаржы полициясы органдары,  624 (0,2%) ұлттық қауіпсіздік, 618 (0,2%) кеден, 65(0,02%) ТЖМ, 344 (0,1%) прокуратура анықтады.

4. 2013 жылы аса ауыр қылмыстар 14,7%( 3 081-ден 2 629  қылмысқа) төмендегені көрінеді. Олардың ішінде адам өлтіру  11,5% -ға өткен жылғы 1 266-дан биылғы жылы 1 120-ға төмендеді.  

Бандитизм  50%-ға, яғни 2 қылмыстан 1-ге, тонау  7 %-ға, яғни 20 259-дан 18 832 қылмысқа, қарақшылық 18,3%-ға 1 666-дан 1 361 қылмысқа төмендеді.

Сонымен қатар денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы 0,5%  1 789-дан 1 780 адамға төмендегені байқалады.

Аса ауыр және ауыр қылмыстардың үлес салмағы тіркелгендердің ішінде ауыр қылмыстар бойынша 2012 жылғы 10,7% -дан  2013 жылы 9,4% -ға, аса ауыр қылмыстар бойынша 2012 жылы 1,1% -дан 2013 жылғы 0,8%-ға азайды.

5. Барлық тіркелген қылмыстардың көпшілігін (77,9%) бөтен мүлікті  ұрлау – 210 204 немесе 58,4%, тонау – 18 832 немесе 5,2%, қарақшылық– 1 361 немесе 0,4% арқылы жасалған жеке меншікке қарсы қылмыстар құрайды.

Шамамен әрбір сегізінші (12,8%) тіркелген қылмыс – пәтер тонау. 2013 жылы олардың саны 6,8%-ға 42 940 (45 873)  қылмысқа артты.  

6. Қарудың заңсыз айналымына байланысты анықталған қылмыстардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 35,1%-ға артып, 2 772-ны (2052) құрады, ал қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды ұрлау және қорқытып алудың анықталған фактілері 155,1%-ға (267-ден 681-ге) артқан.

7. 2013 жылы 571 (348) экологиялық қылмыс тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 64,1%-ға көп.

8. Құқық қорғау органдары анықтаған экономикалық бағыттағы қылмыстардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артты.

Осы санатта барлығы 7 165 қылмыс анықталған, тіркелгендердің жалпы санынан бұл қылмыстардың үлес салмағы 2,0%-ды құрады.

9. Қылмыстардан болған залал 304 млрд 273 млн теңге, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 89,4%-ға көп (160 млрд 604 млн).  

Олардың ішінде 98 млрд 489 млн (48 млрд 263 млн) теңге қайтарылып алынды және өз еркімен өтелді. 50 млрд 420 млн(15 млрд 440 млн) теңге соманың мүлікіне  тыйым салынды.

10. 2013 жылы заңсыз есірткі айналымына байланысты 3 269 (3 548) қылмыс анықталған, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 7,9%-ға аз.

11. Қоғамдық орындарда жасалған 114 384 (98 096) қылмыс (16,6%) тіркелген, соның ішінде көшеде жасалған қылмыс 71 881  (61 345) немесе өткен жылға қарағанда 17,2%-ға көп.

12.2013 жылы 34 766 (32 162) ауыр және аса ауыр қылмыс ашылған, бұл 8,1%-ға көп.  2013 жылы жалпы ашу 1,1 %-ға  төмендеп, 45,6%-ды (46,7%) құрады.

13. Қылмыс жасаған 102 566 (98 176) адам анықталды, оның өсуі 4,8% құрайды.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы 10,7%  (5 879-дан 5 311-ге) төмендеді.

Алкогольдік және есірткіге елту күйіндегі қылмыстардың үлес салмағы 8,1% (16 531-ден 17 864-ке) қысқарды.

14. Ұйымдасқан топтар немесе қылмыстық қауымдастықтар 949 (1 323) қылмыс жасаған 28,3%, бұл ретте тіркелген барлық қылмыстардың ішіндегі олардың үлес салмағы 2012 жылғы 0,5%-дан 2013 жылғы 0,3%-ға қысқарған.

15. Шетел азаматтары Республика аумағында 2 143 (1988) қылмыс жасаған, бұл 2012 жылдан 7,8%-ға көп, соның ішінде ТМД елдері азаматтарының қылмысы – 2 014 (1 902) (5,9%), олардың шетел азаматтары жасаған қылмыстардың ішіндегі үлес салмағы 94%-ды құрады.   

Шетел азаматтарына қатысты қылмыстардың саны 15,2%-ға өсіп, 1106 (960) қылмысты құраған.

ҚР БП Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

Баспасөз  қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.