You are here

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ еліміздегі 2013 жылдың 10 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы (Астана қаласы, 2013 жылғы 9 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылдың 10 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,1пайызға (236 688-ден 300 889-ға) өсті.

Сондай-ақ жалпықылмыстық қылмыстардың да 26,9(221 477-ден 281 040-қа) өскені байқалды.

Қылмыстардың тіркелуінің  өсуі жалпы  мынадай қылмыстар есебінен болып отыр, мәселен, бөтеннің мүлкін ұрлау  18,1 пайызға (147 558-ден 174 310-ға), бұзақылық  80,1 пайызға (13 892-ден 25 021-ге), аляқтық  65 пайызға (17 975-тен 29 829-ға)артқан.

Қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың негізгі бөлігін –  77 пайызын құрайды.

Қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі - 0,8 пайызды(2270), ауыр қылмыстар - 9,8 пайызды( 29 586), ауырлығы орташа қылмыстар – 77,1 пайызды( 232 070), ауыр емес қылмыстар  12,3 пайызды (36 963) құрады.

Аса ауыр қылмыстар 13,3 пайызға(2617-ден 2720-ке) және кісі өлтіру 13,5 пайызға(1072-ден 927-ге) төмендеген.

Сарапшылардың пікірінше, қылмыстың дәл осы түрлері қоғамның нақты қылмыстылық ахуалының  көрсеткіші болып саналады және оларды тіркеу де әрдайым шынайы болып келді.

 Сондай-ақ қылмыстардың, оның ішінде көрсеткіш қууға, соған орай қылмыстарды жасыруға алып келетін орташа және ауыр емес қылмыстардың жалпы ашылуына бұрынғы тәртіппен баға беруден бас тарту да шынайы тіркеудің қосымша факторының бірі болып отыр.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Баспасөзқызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.