Баспасөз ақпараты (Атырау, 27 тамыз 2013 жыл)

29 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жұмыстары прокурорлық қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан құқық қорғау органдарына материалдық тұрғыда қолдау көрсетілуде.

Бүгінде, Конституциясы күні мерекесіне орай, Атырау облысы әкімінің шешімімен 10 «Нива» автокөлігі прокуратура органдарына бөлініп, облыс әкімнің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаев аудан прокурорларына «Нива» автокөліктерінің кілтін табыстады.

Атырау облысының прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев көрсетілген қолдауға алғыс білдіре отырып, Ата Заңымыздың қабылдану күнімен құттықтады.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу