You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 8 қараша 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылдың 30 қазан- 1 қараша айлары аралығында Түркия Республикасы Әділет академиясының шақыруымен қазақстандық делегаттар  «Терроризмге қарсы күрестегі еркіндік пен қауіпсіздік арасындағы теңгерім»  тақырыбында өткен (Стамбұл қ., Түркия) халықаралық симпозиум жұмысына қатысты.

Симпозиумға 50 елден 245 адам: БҰҰ, Адам құқығы жөніндегі Еуропалық комиссия, Адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот, Бас прокуратура, Жоғарғы сот өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалым-заңгерлер, журналистер мен публицистер қатысты.

Қазақстан  делегациясының құрамында: ҚР БП Институтының директоры С.П. Тұрсынбекова, ОҚО прокуроры И.А.Иманов, ҚР БП Институтының аға прокуроры  Р.С. Өмірзақов  болды. 

Симпозиум 4 сессиядан тұрды.

Симпозиум терроризмге қарсы тұрудың аса өзекті мәселелері бойынша  пікірлесудің және тәжірибе алмасудың сұхбаттасу  алаңы болды.

 Семинарға қатысушылар қарсы тұру шаралары және  адам құқығы арасындағы  теңгерім, халықаралық құқықтың  жалпы принциптерінің  бұзылуына жол бермеу және террористік қылмыстарды тергеу кезінде дәлелдерді бағалау  мәселесі   кең ауқымда талқыланды.

Сонымен қатар, халықтың құқықтық және діни сауаттылығы деңгейін көтерудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі көтерілді.

Сонымен бірге, симпозиум алаңы халықаралық сарапшылардың және ғалымдардың  байланыс орнатуына қосымша мүмкіндік болды.  

Кездесуде ғылыми-зерттеу қызметіне және эмпирикалық материалдармен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Германияның және Түркияның  ғалымдары тәжірибе алмасуға және лекция оқу үшін Қазақстанға келуге қызығушылықтарын білдірді.

Бас прокуратура Институтының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.