You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2015 жылғы 26 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Адам құқықтары бойынша диалогының 7-ші отырысы өтті.

Оның жұмысына Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, Еуропалық Одақ, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің делегациялары, Еуропаның бірқатар елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Адам құқықтары бойынша диалог барысында азаматтық қоғамның дамуы, қауымдастық еркіндігі, әйелдер құқықтары және кемсітушілікті болдырмау, өз ойын білдіру, жиналыс, діни сенім бостандығы және күн тәртібінің басқа да өзекті мәселелері бойынша жемісті пікір алмасу орын алды.

Форумға қатысушылар мәдениет пен өркениет диалогының кеңеюі, конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың дамуындағы Қазақстанның рөлін ерекше атап өтті.

Қазақстандық тарап Еуропаның демократиялық тәжірибесін ескере отырып мемлекеттік құрылыстың барлық бағыттары бойынша Еуропалық Одақпен бірлескен жұмысты жүргізуге дайын екендігін білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.