You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2015 жылғы 25 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ғимаратында «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Сот төрелігі мен құқық тәртібі жөніндегі кіші комитетінің 13-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, Еуропалық Одақ делегациясы, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің, Еуропаның бірқатар елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сот-құқықтық саласында халықаралық ынтымақтастықтың, сондай-ақ орталық-азиялық аймақ пен Еуропа елдерінің арасында тәжірибемен алмасу мәселелерінде практикалық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Отырысты ашқан Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель құқықтық салада Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әрекеттестіктің серпінді және ілгері дамып отырғанын атап өтті. Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы серіктестік стратегиясы аясындағы бірлескен жұмыс екіжақты ынтымақтастыққа, атап айтқанда, құқықтық және сот жүйесін жетілдіру саласына, құқықтың үстемдігі және адам құқықтары саласына оң әсерін тигізуде.    

Отырыстың күн тәртібінің негізгі тақырыптары заң үстемдігі, сот жүйесін басқару мен реформалау, көші-қон және шекараларды басқару, есірткі заттарының заңсыз айналымы, ақшаны жылыстатумен, сыбайлас жемқорлықпен және терроризммен күрес мәселелері болды.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы заң үстемдігі бойынша Еуропалық Одақтың бастамасын, Орталық Азиядағы көші-қон және шекараларды басқару бағдарламасын имплементациялау, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында азаматтардың жүріп-тұруы, мигранттардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері көтерілді. Еуропалық Комиссия мен Қазақстанның есірткі трафигіне қарсы күресте қабылдап отыраған шаралары талқыланды.

Тараптар отырыстың нәтижелері мен пікір алмасуға ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен арттыру қажеттігін атап көрсетті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.