You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қаласы 2015 жылғы 11 шілде)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Венаның (Австрия) Қылмыстық істер жөніндегі жер сотымен Қазақстан Республикасының азаматтары Ә.Ә. Мұсаев пен
В.М. Кошлякке қатысты қылмыстық істің бірінші саты бойынша қаралуы аяқталды.

Нақты айтқанда, осы сот процесінің шеңберінде көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы аумағында 2007 жылы «Нұрбанк» АҚ-ның жекелеген лауазымды тұлғаларын ұрлаған және өлтірген деп айыпталған.

Қолда бар ақпаратқа сай алқабилер Ж. Темірәлиев пен
А. Хасеновты өлтірді деп айыптау бойынша Ә.Ә. Мұсаев пен В.М. Кошлякті ақтаған.

Сондай-ақ, олармен В.М. Кошляк А. Хасеновты ұрлаған деп айыптау бойынша ақталып, ал Ж. Темірәлиевтің ұрлануына кінәлі деп танылды.

Алқабилердің кесімін ескере отырып, сотпен В.М. Кошлякқа 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оның 16 айы шартты түрде.

Жоғарыда тізілген айыптаулар Ә.Ә. Мұсаев пен
В.М. Кошлякке Вена қаласының прокуратурасымен жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша тағылған.

Тергеу барысында Вена қаласының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салулармен бірнеше рет жүгінгенін атап өткен жөн.

Сұратылудағы құқықтық көмек қазақстандық тараппен толық көлемде көрсетілген болатын: құжаттардың үлкен ауқымы ұсынылды, заттай дәлелдемелердің бірқатары берілді, Қазақстандағы куәларды жауаптау мүмкіндігі жасалды.

Жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша Вена қаласы прокуратурасының қорытындысы іс үшін маңызды сәттерде қазақстандық тергеушілердің тұжырымдарына ұқсас болып шықты.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Вена қаласы прокуратурасының ұстанымын қолдайды және онымен осы іс бойынша тағылған айыптаулар негізді және жеткілікті дәлелді базамен қуатталады деп есептейді.

Дегенмен де, австриялық құзыретті органдармен жүзеге асырылудағы өндіріс заңдық көзқарас тұрғысынан дербес және Қазақстанда жүргізілген тергеуден тәуелсіз болып табылады.

Заңды күшіне енген Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының 2008 жылғы 15 қаңтардағы үкімімен Ә.Ә. Мұсаев
Ж. Темірәлиев пен А. Хасеновтың ұрлануына кінәлі деп танылып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын естеріңізге саламыз.

Осы үкіммен В.М. Кошляк Ж. Темірәлиев пен А. Хасеновтың ұрлануына, қорқытып алуға және мүліктің ұрлануына кінәлі деп танылып, осының негізінде оған 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚІЖК-нің 127-бабының 1-бөлігіне сәйкес соттың қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген үкімі анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалануына қатысты да барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi.

Бұл ретте Ә.Ә. Мұсаев та, В.М. Кошляк те Қазақстанның құқық қорғау органдарымен Ж. Темірәлиев пен А. Хасеновтың өлтірілуі бойынша да айыпталады, алайда тиісті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған жоқ.

Бұл қылмыстық іс 2011 жылы жәбірленушілердің денелері табылғаннан кейін қозғалып, айыпталушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына байланысты тоқтата тұрылған болатын.

Осылайша, Венаның Қылмыстық істер жөніндегі жер сотымен қабылданған шешімге қарамастан, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ә.Ә. Мұсаев пен В.М. Кошляк Ж. Темірәлиев пен А. Хасеновқа қатысты қылмысты жасады және жасалған
іс-әрекеттің ауырлығына сәйкес қылмыстық жазаға ұшыраулары тиіс деп қарауын жалғастырады.

Мазмұндалғанның негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ә.Ә. Мұсаев пен В.М. Кошлякқа қарсы тағылған айыптар бойынша Венаның Қылмыстық істер жөніндегі жер сотымен қабылданған шешімге келіспеушілігін білдіреді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының соттарымен тағайындалған жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша шаралар алдағы уақытта да толық көлемде және Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасы мен халықаралық құқық нормаларына қатаң сәйкес қолданылатынын мәлімдейді.

Бұдан басқа, жоғарыда айтылған Венаның Қылмыстық істер жөніндегі жер сотымен қабылданған шешім жарияланғаннан кейін оған дереу Вена қаласының прокуратурасымен және жәбірленушілердің адвокаттарымен шағым келтірілгенін хабарлаймыз.

Осы сот актісі заңды күшіне енбегендігін, сондай-ақ істі қарау кезінде төрағалық етуші судья А. Беммен білдірілген теңдессіз теріс пікірлігін және онымен жол берілген өрескел процестік бұзушылықтарды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Австриялық Республиканың жоғары тұрған сот сатыларымен заңды, негізді және әділ үкім қаулы етілетіндігіне сенімін білдіреді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.