Баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2013 жылғы 7 наурыз)

07 наурыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті.

Осы көктем мерекесі қарсаңында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға сіңірген еңбектері ескеріле отырып, прокуратура органдарының үлгілі қызмет атқарған ардагер және қызметкер әйелдері қадағалау органының ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Өзінің құттықтау сөзінде Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Елбасының Жолдауында айқындалған гендерлік саясатты одан әрі нығайту жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанына, әйелдер қауымының прокуратура органдарында және тұтастай алғанда қоғамымызда ерекше орын алатынына тоқталып өтті.

Жиын соңында қатысушылар прокуратура қызметкерлерінің күшімен әзірленген мерекелік концертті тамашалады.

Бас прокуратураның  Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу