You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ-сы, 10 қыркүйек 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Дэниель Натан Розенблуммен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастық, соның ішінде қылмыстық құқық саласындағы шарттық база мен құқықтық көмекті ұлғайту және нығайту жөніндегі біршама мәселелер талқыға салынды.

Тараптар қол жеткізілген ықпалдастық деңгейін ризашылықпен атап өтті. И.Меркель атап айтқандай,  Қазақстанның Бас прокуратурасы американдық құзыретті органдармен өзаралық қағидаты негізінде қылмыспен күрес саласында, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мен қылмыскерлерді ұстап беруде белсенді жұмыс атқаруда.

Ол сондай-ақ қазақстандық прокуратура қызметінің негізгі бағыттары, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді және адам құқықтарын қорғау қылмыстық қудалауда прокурорлардың ерекше назарында екенін атап өтті. 

Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заманауи геосаяси мақсаттар аясында қазіргі заман проблемаларына төтеп беруде күш-жігерді жұмылдырудың маңыздылығы арта түскенін баса айтып, ары қарай өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін атап айтты.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.