You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ, 8 қараша 2013ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберто Пиери Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қойды.

Асхат Дауылбаев атап өткендей, Шарт Президенттің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын жүзеге асыру негізінде қол қойылған, онда ерекше түрде аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың қажеттілігі, біздің азаматтарымыздың шет мемлекеттерде құқықтық қорғалуын күшейту атап өтілген.

Бұл Қазақстан үшін Еуропа қауымдастығымен жақындасуға кезекті және өте маңызды қадам екендігін, себебі Итальян Республикасы қылмыстық-құқықтық салада мемлекетаралық шартқа қол қойған еуропа елдері арасында алғашқы мемлекеттердің бірі. Осындай шарттарға қол қою Еуропа елдерінің Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімінің артып келе жатқанына дәлел болып табылады. 

Шарт күшіне енгеннен кейін екі елде де өз азаматтарын өз елдеріне қайтару үшін құқықтық негіз пайда болады, бұл өз кезегінде сотталушылардың жаза өтеуін жеңілдетеді, себебі өзге мемлекеттердің түзеу мекемелерінде ұстау олардың туысқандарымен қарым-қатынас жасауына және тілдік тосқауыл келтіреді. Сонымен қатар, бұл сотталғандарды қоғамда қалыпты өмір сүруге қайтару мақсатына жету үшін көбірек тиімді болады.

Тараптар сонымен қоса құжатқа қол қою екіжақты құқықтық қарым-қатынас деңгейін жаңа деңгейге шығаратындығын және ынтымақтастықтың одан әрі кеңейуі мен нығайуына ынталандыратындығын атап өтті. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.