Баспасөз ақпараты (Астана қ., 5 тамыз 2013 жыл)

05 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын іске асыру шеңберінде Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.

Заң жобасы экстремизм мен терроризм қауіптерін бейтараптандыру бойынша құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық  комиссия 2013 жылғы 2 тамызда бұл Заң жобасының Тұжырымдамасын мақұлдады.

Заң жобасының мәтіні Бас прокуратураның ведомстволық Интернет-ресурсында (www.prokuror.gov.kz) орналастырылды, онда кез келген мүдделі тұлғалар өздерінің ұсыныстарын қалдыра алады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу