Баспасөз ақпараты (Астана қ, 30 қазан 2013ж.)

30 қазан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Уақытша Сенімді Өкілі Джон Ордвеймен кездесуі болып өтті.

Қонақты қарсы ала отырып, А.Дауылбаев Д.Ордвейді қайта тағайындалуымен құттықтады және дипломатиялық салада сәттілік тіледі, дипломаттың Қазақстанда және ТМД-ның өзге де елдеріндегі жұмысы барысында жинаған тәжірибесі екіжақты қарым-қатынастың одан әрі жандануына қосымша әсер ететіндігін атап өтті.

Кездесу барысында өзара қызығушылық келтіретін мәселелер бойынша мүдделі әңгіме мен өзара пікір алмасу болды. Тараптар өзара қол жеткізілген әрекеттесудің деңгейіне қанағаттанушылық білдірді, ынтымақтастық туралы бұрын қол қойылған келісімдер аясында ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Сонымен қатар трансұлттық қылмысқа, терроризмге және экстремизмге қарсы күрес саласын қоса алғандағы кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Бас Прокурор прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары мен құқық қорғаушылық қызметі туралы хабардар етті, адам құқығын қорғау прокурорлардың ерекше назарында екендігін атап өтті.

Сұхбаттасушылар өзара әрекеттесу аясын болашақта кеңейтуге және нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу