You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 23 қаңтар 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес агенттігінің Таяу шығыс аймағы бойынша аймақтық басқармасының директоры Дональд Ч. кіші Барнспен кездесуі болып өтті.

Кездесуге қатысушылар екіжақты кең спекторлы мәселелер бойынша, ең алдымен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысты пікір алмасты. 

А.Дауылбаев мемлекеттің геосаясаттық жағдайын ескере отырып, нашақорлық пен есірткі  бизнесіне қарсы күрес Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдарының басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Ол осы саладағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, есірткі қылмысына қарсы шекаралас мемлекеттердің құзырлы органдарымен өзара ықпалдастық туралы хабардар етті. Осыған орай, ол АҚШ-тың осы саладағы тәжірибесін зерделеуге, жедел ақпараттармен алмасуға, өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Тараптар трансұлттық ұйымдасқан есірткі қылмысына қарсы күресте күштерді біріктірудің, есірткіні жеткізу және тасымалдау бағыттарын анықтаудағы Агенттіктің мүмкіндіктерін пайдаланудың, осындай қылмыстарды тергеудің алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін үйренудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында қаржы ағымдарын бақылау тетіктеріне, одан әрі әртүрлі экстремистік және террористік ұйымдарды қаржыландыруға бағытталатын есірткіні өткізуден заңсыз алынған пайданы анықтауға ерекше мән берілді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.