You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылғы 18 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұратуы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен «Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты» АҚ-ның бүрынғы бас бухгалтері Елена Данилова экстрадицияланды, ол 14 миллионнан астам теңгені ұрлады деп айыпталуда.

Тергеу барысында Данилова Қазақстаннан тыс жерде жасырынып қалуына байланысты, ол Интерпол желісі бойынша іздеуге жарияланды.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2011 жылдың мамырында Данилованың Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында екені анықталды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны беру туралы сұрату жолдады.

2013 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігі күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарған болатын.

 Біріккен Араб Әмірліктерінде Данилованың мүдделерін бір топ адвокат қорғады және олар беру туралы қазақстандық сұратуды қанағаттандырудан бас тартуға қол жеткізбекші болды. Олардың шағымдары бойынша Қазақстанның Бас прокуратурасы арабтар тарапына бірнеше рет қосымша материалдар ұсынды.   

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Интерпол бюросының Ұлттық орталығы, Ішкі істер министрлігі және өзге де мүдделі ведомстволардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде Е.Данилова Әбу-Дабиден Алматыға әуе рейсімен жеткізіліп, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.