Баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылғы 14 қазан)

14 қазан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель БҰҰ Есірткі және қылмыстылық бойынша басқармасының Орталық Азия бойынша аймақтық өкілі Ашита Митталмен кездесті.

Кездесуге қатысушылар аймақтық және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша, ең алдымен, ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылық пен  есірткі трафигі саласындағы ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты.

И.Меркель БҰҰ өкілін құқық қорғау жүйесін реформалаудың маңызды бағыттары туралы, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың кепілдігін күшейту саласындағы Қазақстанның қабылдап отырған нақты шаралары жөнінде хабардар етті. Ол сондай-ақ қылмыспен күрес Қазақстанның уәкілетті органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

А.Миттал қабылдауға және мазмұнды әңгімеге ризашылығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу