You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 ж. 6 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның Әкімшілік әділеті және құқықтық саясаты бойынша мемлекеттік министрі Лорд Эдвард Фолкспен кездесті.

Әңгіме барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, оның ішінде келісім базасын және қылмыстық-құқықтық саладағы көмекті ұлғайту және нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар өзара ықпалдастықтың қол жеткізілген деңгейіне ризашылықтарын білдірді. А.Дауылбаевтың айтуынша, Қазақстанның Бас прокуратурасы Ұлыбританияның құзырлы органдарымен өзара түсіністік қағидасына сәйкес қылмысқа қарсы тұру, халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелерін шешуде белсенді ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан.

Ол сонымен қатар қазақстандық прокуратура қызметінің басты бағыттары туралы және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде сөз қозғады.

Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қазіргі кездегі геосаяси міндеттер аясында трансұлттық қылмыспен күрес бойынша ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.