You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 20 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Көктем мерекесімен құттықтай отырып, Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Наурыздың жыл басы және жасампаздықтың бастамасы ретінде ежелден мерекеленіп келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанның барлық халықтары үшін ол көктемгі жаңару, достықтың, туған Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісіне айналды. Қайта жаңғырған Наурыздың тарихы біздің Тәуелсіздігіміздің тарихына айналды, – деді ол. Осы жылдары ежелгі мейрам қазіргі өмірге үйлесімді енді және ұлттық дәстүрлердің бірізділігін сақтай отырып, қазіргі Қазақстанды уақытпен және тарихпен байланыстырушы маңызды буынға айналды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Наурыз біздің бірлігіміз бен берекеміздің, қазақстандық қоғамның өзара түсіністігі мен тұрақтылығының нышанына айналды.

Асхат Дауылбаев орталық аппарат қызметкерлеріне кәсіби жетістіктер, денсаулық, бейбітшілік және бақыт тіледі.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.