Баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 10 қазан)

10 қазан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылғы 9 сәуірде Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитетінің Әскери-тергеу басқармасы Әуе қорғаныс күштерінің лауазымды тұлғаларына қатысты зениттік-зымырандық кешеніне арналған қосалқы өнімдер мен құралдарын мемлекеттік сатып алу барысында билікті және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану дерегі бойынша  қылмыстық іс қозғаған болатын.

Тергеу көрсеткендей, Әуе қорғаныс күштері Бас қолбасшысының орынбасары – Қару-жарақтандыру бас басқармасының бастығы авиация генерал-майоры А.Б.Бөлдешов және «RG Trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Т.Ж.Жұмаханов қылмысты сөз байласу арқылы, бюджеттік қаражатты ұрлап, өздерінің заңсыз іс-әрекеттерімен 145 млн. теңгеден асатын аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген.

Авиация генерал-майоры А.Б.Бөлдешовтың әскери-техникалық мүлікті мемлекеттік сатып алу барысында билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғандығы тергеумен расталған. Сонымен қатар, қару-жарақ және әскери техниканы әзірлеу, өндіру, жеткізу және сату үшін тиісті лицензиялық құжаттарының болмауына байланысты «RG Trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңсыз кәсіпкерлікпен шұғылданғандығы тергеумен анықталған.

2013 жылғы 10 қазанда айыпталушылар А.Б.Бөлдешов және Т.Ж.Жұмаханов сотқа тартылып, оларға қатысты қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотына жолданды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу