You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 14 мамыр 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Иран Ислам Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Хоссейн Зебхимен кездесті.  

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың, ең алдымен ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы және шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерінің кең спектрі бойынша пікір алмасты.

И.Меркель әріптесіне осы күндері Астанада өткізіліп жатқан есірткі қылмыстарына қарсы тұру мәселелері бойынша халықаралық семинар жұмысына қатысқаны үшін алғысын білдірді. Ол қылмысқа қарсы күресті Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдары қызметінің, әсіресе, еліміздің геосаяси жағдайын ескерер болсақ, басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар әріптесіне қылмыстылыққа қарсы тұру бойынша таяу және алыс шетелдердің құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл туралы айтып өтті.

Осы күні И.Меркель Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Альберто Пиеримен де кездесті.  

И.Меркель қонақты құқық қорғау жүйесін реформалау барысы туралы, адам құқықтарын қорғау кепілдемелерін күшейту саласындағы Қазақстан қабылдап жатқан шаралар туралы, қылмыстылыққа қарсы тұру бойынша таяу және алыс шетелдердің құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл нәтижелері жөнінде хабардар етті.  

Екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселесі әңгіменің маңызды тақырыбына айналды.

Қонақтар өздерін жылы қабылдағаны және мазмұнды ақпарат алғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.