You are here

Баспасөз ақпараты (Астана қ., 1 тамыз 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде «Авриялық қарта» кезекті интерактивті жаңа жобасының тұсау кесері болды. Бұл порталға http://service.pravstat.kz/map.html электронды мекен-жайы арқылы кіруге болады.

Мұны жасауға еліміздің жолдарында болып жатқан авариялар, өлім-жітімдер мен түрлі зардаптар себеп болып отыр.

2010-2011 жылдары жол қозғалыстарына жүргізілген көлемді прокурорлық тексерулер жол көлік оқиғалары мен оларда қаза болғандардың санын жол полиция органдары көбіне жасырып келгенін анықтап берді, сондықтан оған алдын алу шаралары қолданылмаған.

  Жол-көлік саласындағы жарақат пен өлім-жітімнің шынайы статистикасын жүргізу мақсатында  адамдардың өліміне және жарақат алуына әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасын есепке алу  2011 жылдың шілде айынан бастап    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке жүктелді.

Нәтижесінде жол аварияларының көлемі әлдеқайда  жоғары болып шықты.

 Өткен 7 ай ішінде жол-көлік оқиғаларының  өткен жылмен салыстырғанда 49 пайыз яғни 6 987-ден 10 445-ге өскені байқалды.

Оларда зардап шеккен адамдар саны 10 063-тан 14 942-ге яғни   жарты есе дерлік өскен.

Осылардың ең көбі яғни 41 пайызы немесе 6 235-і жолаушылар болса, олардың 537-і қаза болған және 5 698-і жарақат алған, 34 пайызы немесе 5 069-ы жаяу жүргіншілер болса олардың 415-і қаза тапқан және 4 654-і жараланған,  23 пайызы немесе 3 406-ы жүргізушілер десек, олардың 413-і қаза болған, 2 993-і жарақат алған. 

Мұндай мәліметтерді көпшілік күнделікті пайдалану үшін   жалпы жол-көлік статистикасының географиялық қартасы жасалды. Енді адамдар қаза болған немесе жарақат алған жол-көлік оқиғалары есепке алынып, деректер қорына енгізілгеннен кейін ол мәлімет бірнеше минут ішінде қартада көрінетін болады.

Бұл қарта арқылы әркім  интернетті пайдаланып еліміздің  елді мекендері мен жолдарының қауіпті учаскелерін және жалпы аварияның жай-күйін көріп біле алады.

Егер қазір осы «Авариялық қартаға» қарасақ, онда жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандардың ең көбі Алматы (239), Оңтүстік Қазақстан (215), Жамбыл (138), Қарағанды (99), Шығыс Қазақстан (84, Ақмола  (69) облыстары және Алматы қаласында (62) тіркелгенін көреміз

Жол-көлік оқиғаларына жасалған   талдау  олардың көпшілігі елді мекендерде  болатынын көрсетті. Оларда жасалған 8 234 жол-көлік оқиғасында 541 адам қаза тапқан.

Ал елді мекендерден тыс жерлерде 2 208 жол-көлік оқиғасы болып, оларды 818 адам көз жұмған.

Егер жол -көлік оқиғаларында зардап шекендерді жасына қарай жіктесек, олардың ең көбі яғни 54 пайызы балалар мен жастар (8 149) екенін көреміз, 46 пайызы ерескетер мен жасы келгендер ( 6 792).

 Жол-көлік оқиғаларына ВАЗ (1 644 бірлік) және Тойота (1 364 бірлік) автомобильдері көбірек ұшыраған. Одан кейін Ауди (976), Вольксваген (966), Мерседес (889), Мицубиси (522), БМВ (415) және Дайевоо (396) машиналары тұр.

Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі бұрынғысынша жүргізушілердің кінасынан болып отыр. Олар жылдамдықты сақтамау, жол белгілері талаптарын ескермеу сияқты жол ережелерін жиі бұзады. Дегенмен де жол оқиғаларының көпшілігі жолдың қарсы бетіне шығып кетуінен болып отыр. Өйткені автожолдардың көпшілігінің ені тар, бөлу жолақтары жоқ. 

Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен салынған Астана-Шортанды автомагистралі жақсы мысал бола алады. Онда 2009 жылдың осындай кезеңінде 50 адам қаза болса, бұл көрсеткіш биыл әлдеқайда азайып, 3 адам қаза болды.

Бұл арада еліміздің ең бір күре жолдары Алматы-Астана, Алматы Екатеринбург трассаларында 4 жолақты етіп жетілдірудің тиімділігі өзінен өзі түсінікті.

Жалпы  «Авариялық қартасы»  жол полициясы мен басқа да құзырлы органдардың күш-жігерін қажетті жерде жол қауіпсіздігі мен жол апатының алдын алуға бағытауға жәрдемін тигізетін болады.

 

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.