Баспасөз ақпараты (Астана қ., 1 сәуір 2014 ж.)

01 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен  АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мемлекеттері бойынша көмекшісі Ниша Десаи Бисвалмен кездесуі өтті.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының Көмекшісімен өткізілген кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең салалы мәселелері, оның ішінде қылмыстық-құқықтық салада құқықтық көмек пен шарттық-құқықтық базаның кеңейтілуі мен нығайтылуы талқыланды. Сонымен қатар, терроризм мен экстремизмге, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмыс пен қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыруға қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Тараптар қол жеткізілген өзара әрекеттесу деңгейіне  қанағаттанатындықтарын білдірді. А.Дауылбаев атап өткендей, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Американың құзыретті органдарымен қылмыстық әрекетке қарсы, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді беру мәселелері бойынша өзара түсіністік қағидасы негізінде белсенді түрде ынтымақтасады.

Бас Прокурор қазақстандық прокуратураның басым бағыттары жөнінде және қылмыстық қудалау барысында адам құқығы прокурорлардың басты назарында екендігін атап көрсете отырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қолданылып отырған қадамдар туралы әңгімеледі.

Сұхбаттасушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қазіргі заманғы геосаяси міндеттердің аясында қазіргі әлемдегі қауіп-қатерге қарсы әрекет бойынша күштердің бірігу өзектілігі объективті түрде өсіп отырғанын және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу