Баспасөз ақпараты (Астана, 2014 жылғы 25 сәуір)

25 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қазақстан азаматы Ю.Морозовты экономикалық контрабанда үшін (ҚР ҚК-нің 209-б. 1-б., 209-б. 2-б. «а»-тарм.) қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында ұстап беру туралы сұрауын қанағаттандырды.

Ю.Морозов қымбат бағалы автокөліктерді кедендік құнды төлеместен контрабандалағаны үшін айыпталады. Оның мемлекетке келтірген нұқсаны 23 миллионнан астам теңгені құрайды.

Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған айыпталушы бірнеше жыл мемлекетаралық іздеу салуда болған.

Оны ағымдағы жылдың қаңтарында Брест қаласында беларусьтік құқық қорғау органдары ұстаған. Оны Қазақстанға ұстап беру туралы шешімге екі елдің бас қадағалау органдары арасындағы жолға қойылған ықпалдастығы арқасында қол жеткізілді.

Бүгін Астана қ. прокуратурасының қызметкерлері Ю.Морозовты Қазақстанға қарауылмен әкеліп, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу