You are here

Баспасөз ақпараты (Алматы қ., 2013 жылғы 6 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасы тұтынушылар құқықтарын қорғау акциясы шеңберінде, Жетісу ауданында тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларын сақтауға қатысты тексеріс өткізілген.

Осы тексеріс шаралар кәсіби қоғам және қоғамдық қауымдастықтардың және де құзыретті органдардың қатысуымен өткізілді. Тексеріс нәтижелеріне сәйкес құқық бұзушылықтар жаппай орын алған, көпшілік сауда объектілерінде және қызмет көрсету аумағында тексеріс нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар анықталған.

Қолданыстағы заңнамалық актілерде сатушының белгілі міндеттері орын алған, негізгі міндеттің бірі тауардың, сатушының, дайындаушының қазақ және орыс тілдерінде мәліметтер ұсыну, осы талап жаппай елемейді, яғни тұтынушыны өз құқықтарын қорғауға шек қояды.

Жоғарыда айтылғанның салдары осы талапты орындамау сатушылармен одан да қатерлі заң бұзушылықтар орын алған, мысалы, қауіпті тауарлар, тиісті сапасыз тауарлар, тиісті сертификаттың болмауы, мерзімі өткен тауарларды іске асыру, бақылау-кассалық аппаратының болмауы, азық-түлікті өндіру және іске асыру медициналық куәландыру, санитарлық кітаптары жоқ азаматтардың жұмыс істеуі және т.б.

Мысал ретінде, тауық рулеттерін дауындау мен өткізу қызметін жүзеге асыратын ЖК «ПИР»-дің қызметін көрсетуге болады. Осы кең тұтыну тауары антисанитарлық жағдайларда өндірілген, цехтің ішіндегі жайда орналасқан және сонымен қатар жұмысшылар-шетел азаматтары өмір сүрген.

Басқа мысал, Қытай Халық Республикасынан азық-түлік тағамдарын сатумен айналысатан ЖК «Хуан Цзе»-нің Қазақстан Республикасының барлық заңдарында көрсетілген ұйғарымдарды өрескел бұзып, кәсіпкерлікпен айналысқанын атап көрсетсек болады. Тауар сатып алған тұтынушы сатып алған тауар бойынша мәлімет, жарамдылық мерзімі белгісіз тауардағы барлық ақпараттар қытай тілінде жазылған, сондай-ақ тексеру нәтижесінде бір жылдан астам жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік тауарлар анықталды.

Аудандағы балаларға арналған ойыншықтарды сату бойынша үлкен үрей туғызады. Тексеру шеңбері бойынша 14 кәсіпкердің қызметі тексерілді, нәтижесінде тікелей баланың денсаулығына зиян келтіретін және қауіпті ойыншықтардың сатылуы анықталды.

Мысал, «Prime Trans Logistic» ЖШС заңды бұза отырып 250-ден астам атауы, 350 796 дана ойыншықтар, жалпы соммасы 21 275 315 теңге құрайтын ойыншықтарды сатқан.

Тексеру нәтижесі бойынша әр түрлі жауапкершіліктерге барлығы 17 кәсіпкерлік субъектілері тартылған, оларға 1 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар салынды.

Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.