Баспасөз ақпараты (Ақтөбе қ., 2015 жылғы 16 сәуір)

16 сәуiр 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокурор Асхат Дауылбаев Ақтөбе қаласында облыстың құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жедел кеңес өткізді.

А.Дауылбаев Мемлекет басшысы қойған міндеттердің орындалуына және жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық атқарушылық, әкімшілік заңнамаларды қолданудың өзекті мәселелеріне ерекше назар аударып, жаңа өзгерістерді жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ жиналыста өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, прокурорлық қадағалаудың басым бағыттары, әлеуметтік шиеленістерді ескерту, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингі, азаматтардың сенім деңгейін арттыру, прокуратураның құқық қорғаушылық рөлін нығайту, құқық бұзушылықтың профилактикасы, «мүлдем төзбеушілік» қағидасын жүзеге асыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.     

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу