You are here

Баспасөз ақпараты (АҚШ,Колумбия округі,Вашингтон қаласы,6 желтоқсан 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Америка Құрама Штаттарына сапары барысында АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымы, оның ішінде келісім-шарт базасын кеңейтіп, нығайту және қылмыстық-құқық саласындағы құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Тараптар өзара іс-қимыл жасасудың қол жеткізілген деңгейіне қанағаттанғандықтарын білдірді.

А.Дауылбаев Қазақстанның Бас прокуратурасы қылмыстық істерді тергеу ісіне көмек көрсете отырып, америкалық құзырлы органдарымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп отырғандығын атап көрсетті. Сонымен қатар Федералдық тергеу бюросы мен Есірткілермен күрес жөніндегі федералдық агенттіктің тараптарынан Қазақстанның құқық қорғау органдарына көрсетіліп жатқан көмек үшін алғыс сезімі білдірілді.

Бас прокурорлар ұйымдасқан және трансұлттық қылмыстармен, терроризммен және экстремизммен, киберқылмыстармен, есірткінің заңсыз айналымымен және қылмыстық жолмен табылған пайданың заңдастырылуымен күрес сияқты салалар бойынша сындарлы байланысты орнату мен дамытуға, тәжірибе және мамандар алмасуға екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының өзара қызығушылығы зор екендігін айтты.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ Бас прокурорлары өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандум бекіту мәселесін пысықтау туралы келісімге келді.

ҚазақстанРеспубликасы Баспрокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.