You are here

Баспасөз ақпараты (Абу-Даби қаласы, Біріккен Араб Әмірліктері, 10 желтоқсан 2013 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Абу-Даби қаласында өткен халықаралық құқықтық саладағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты.

Форумда Еуропа мен Америка елдерінің, сондай-ақ Парсы шығанағы елдерінің өкілдері болып табылатын қатысушылар қылмыстық істер және экстрадициялау бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту және дамыту мәселелерін қарастырды.

Іс-шара барысында И.Меркель БАӘ Федералдық Жоғарғы Сотының төрағасы, доктор Абдул Уахаб Абдулмен, БАӘ Федералды Бас Прокуроры Салим Саид Кубейшпен, сондай-ақ Федералды Әділет министрлігі басшыларымен кездесті.

И.Меркель кездесу барысында Федералды Жоғарғы Сот төрағасын Қазақстан прокуратурасы органдарының қадағалау саласындағы жетістіктерімен және қылмыстық-құқықтық заңнамаларды реформалау барысымен таныстырды. Өз кезегінде, А.Уахаб құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берді және оның одан әрі дамитынына үмітті екенін айтып өтті.

Федералды Бас Прокурормен келіссөздер барысында терроризмге, ұйымдасқан трансұлттық және киберқылмыстарға, адам саудасына және есірткіге қарсы күрес мәселелері қозғалды. С.Кубейш әлемдік қауымдастықтың бірлескен күшімен ғана қылмысты жеңуге және дүниежүзі азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болатынын атап өтті.  

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.