You are here

Баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мәскеу қаласында 2013 жылғы 16-18 қазанда өткен Ресей мен ТМД елдерінің   ESRI пайдаланушыларының халықаралық конференциясында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Қылмыстылық картасы» интерактивтік жүйесі «Қол жетімді Веб-геоинформациялық жүйе» номинациясы бойынша веб-қосымшалар конкурсында жеңімпаз деп танылды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ведомстволық сайтында (service.pravstat.kz) жасалған «Қылмыстылықтың интерактивтік картасы» веб-қосымшасы тәулік бойы әр көше мен үйге дейінгі мекен-жайларда жасалған барлық қылмыстарды көрсетіп тұрады.

Кез келген азамат өзіне керекті радиусты көрсетіп ақпарат сервисіне қосылса, оның электронды адресіне сол жерде жасалған қылмыс туралы деректер дереу түсетін болады.

Сол сияқты Комитет сайтында жол-көлік оқиғалары қартасы да бар. ЖКО есепке алу мәліметтері енді ол орын алған трасса, елді мекен, жол мен көшелері көрсетілген қартада көрініп тұрады. ЖКО салдарынан қайтыс болған немесе жараланғандар туралы мәліметтерді де осы жерден алуға болады.

Бұл Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық технологияларды дамыту және енгізу саласында алып отырған бірінші марапаты емес. 2009 жылы ҚСжАЕК ақпараттық жүйесінің арқасында Қазақстан Республикасының Үкіметі Бас прокуратураны ең үздік электронды мемлекеттік орган ден таныған еді.

Ал 2013 жылғы 21-22 мамырда өткен V1 Астана экономикалық форумы аясындағы «ASTEX-2013» инфокоммуникациялық технологиялардың көрме-конференциясында Комитеттің ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Ерәділ Ахметов «Құқық қорғау органдарындағы үздік IT менеджер» атағын алған болатын.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.