You are here

Баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада қалалық прокуратура ғимаратында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастыруымен прокуратура органдары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Экономикалық  тергеу қызметі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлеріне арналған «Құқық қорғау органдары қызметіндегі заманауи жолдар» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарының ашылуы өтті.  Бес күн ішінде 55 қызметкерді оқытудан өткізу жоспарланып отыр.

Оқыту бағдарламасы бір-бірімен тығыз байланысқан 4 модульден тұрады. Әрбір модуль құқық қорғау органдарында қолданатын жобалық менеджмент, комуникативті психология, шешендік өнер, ақпараттық жүйе саласындағы  машықтар мен  білімді кеңейтуге бағытталған.  

Бірінші проректордың міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров іс-шараны ашу барысында аталған курстардың кәсіби, басқару және ақпараттық құзыреттерді жетілдіруге бағытталғанын ескеріп, барлық тыңдаушыларды белсенді, нәтижелі жұмысқа шақырды.

Оқытудың нәтижесі бойынша қатысушыларға  курстан өткендігі туралы сертификаттар ұсынылмақ.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының пресс қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.