Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Стамбул хаттамасына сәйкес азаптау мен қатыгездік жасауды медициналық құжаттандырудың тиімділігі» тақырыбы бойынша апталық курсы мәресіне жетті.                                                                                                                                                                                                                                                                  

Аталған іс-шара Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  бойынша ұйымының Астанадағы бағдарламалар офисімен бірлесіп  ұйымдастырылды.

Оқу процесінде халықаралық сарапшылар Стамбұл хаттамасының негіздері мен қағидаларын ұсынды, Азаптауды қолдануды тергеу мен медициналық құжаттаудың халықаралық стандарттарының тәжірибесімен бөлісті. Дене және психологиялық дәлелдер түсінігі ашылды.

Тыңдаушылармен (аумақтық прокуратура органдарының, адвокатура және сот-медициналық сараптамасының қызметкерлері) өзара байланысу нысаны дискуссия және талқылау, топтық жұмыс және практикалық сабақтар түрінде өткізілді.  

Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіптік деңгейді арттыру институтының директоры Нұрлан Даниев қорытынды  сөзінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің өкілдері мен сарапшыларына, сондай-ақ семинар-тренингке белсенді қатысқан тыңдаушыларға алғысын білдірді.

Семинар соңында қатысушыларға біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы

Құқық қорғау органдарының академиясының баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.