Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылғы 21 мамырда елдің жекелеген аймақтарында жер мәселесі бойынша заңсыз наразылық акцияларын өткізу әрекеттері орын алды.

Бас прокуратура осы жағдайға өз алаңдаушылығын білдіріп, халыққа шынайы ақпаратты жеткізу мақсатында келесіні хабарлайды.

Бас Прокурор 2016 жылдың 21 мамырына дейін күні бұрын жекелеген тұлғалардың тарапынан болуы ықтимал заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін ел тұрғындарына бейбіт жиналыстар мен митингілерді өткізу және ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ рұқсат етілмеген, сәйкесінше заңсыз наразылық акцияларына қатысқан жағдайда туындайтын жауапкершілікті түсіндіріп, екі рет үндеу жасады.

Бас Прокурордың бұл үндеулері бұқаралық ақпарат құралдарында және өзге мүмкін тәсілдермен таратылып, осылайша үндеулердің елдің барлық азаматтарына қолжетімді болуы қамтамасыз етілді.

Бұдан басқа, заңсыз акцияларға өзінің қатысуын тікелей және ашық мәлімдеген барлық тұлғалармен жеке түсіндіру-профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.

Бас Прокурордың соңғы үндеуі Алматыда митингілер өткізудің болжамды орындарының маңайында қарулардың, оқ-дәрілердің, жандырғыш қоспасы бар шөлмектердің, арматура кесінділерінің табылуы аясында жасалды. Бұл да бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таратылды.

Бұл заттардың митингілер барысында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру үшін дайындалған болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Осы болжам жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексерулер шегінде өзге де болжамдармен қатар пысықталуда.

Осыған байланысты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ішкі істер органдары қауіпсіздік шараларын күшейткен болатын.

Осылайша, қалыптасқан жағдай аясында қызмет өткерудің күшейтілген түрі кезеңінде полициямен жағымсыз байланыстардың және шиеленісті ахуалдардың алдын алу бойынша құқық қорғау органдары барынша мүмкін көпсатылық шараларды қабылдады.

Осыған қарамастан, 21 мамырда жекелеген тұлғалар Заң талаптары мен Бас Прокурордың үндеуін де, құқықтық тәртіп шараларын күшейту туралы хабарламаны да елемей, заңсыз акцияларды ұйымдастыруға және қатысуға әрекет жасаған.  

Бұған да қарамастан ағымдағы жылғы 21 мамырда құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері заңсыз акцияларға келген тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жекелеген аймақтарда жиналған азаматтар оларды қызықтыратын мәселелерді құқықтық өрісте талқылау үшін арнайы құрылған диалогтық алаңдарға шақырған.

Өздерінің заңсыз әрекеттерін әрі қарай жалғастырған азаматтарды полиция қызметкерлері ұстап алған болатын. Олардың ішінде Заңды өрескел бұзғандарға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабының шегінде сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.

Нәтижесінде, 21 мамыр ішінде сот тұтастай алғанда құқық бұзушылық жасағандары үшін 51 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Олардың ішінен тек 4 азамат қана әкімшілік қамауға алынды, 12 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Қалғандарына сот ескерту жасады.

Бүгінгі күнге дейін прокуратура органдарына полицияның әрекеттеріне қатысты 17 азамат шағымданды, олардың ішінен 8-і жер реформасы бойынша үкіметтік комиссияға қатысушылардың бірі арқылы жүгінді.

Бұл азаматтардың уәждерін прокурорлар жеке тәртіпте мұқият қарайтын болады.

Құқықтық тәртіп органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі.

Заңсыз митингілер өткізудің болжамалы орындарының жанында журналистердің ұсталуына қатысты осыған дейін Ішкі істер министрлігі түсінік берді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ұсталған өкілдерінен прокуратура органдарына шағымдар түскен жоқ.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы барлық азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін ресми органдардың ақпараттарына сүйенуге, тек тексерілген және шынайы мәліметтерді таратуға, осылайша, елдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға және қолдауға ықпал етуге шақырады.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.